«Digital & AI – STU-LAB» ғылыми-зерттеу зертханасы

Михайлов ВАЛЕНТИН Феликсович, 

техника ғылымдарының кандидаты, доцент 

«Digital & AI – STU-LAB» ғылыми-зерттеу зертханасының МЕҢГЕРУШІСІ  

 

     «Digital & AI – STU-Lab» ғылыми-зерттеу зертханасы (ҒЗЗ) – «STU-ENGINEERING» ҒТО құрылымдық бөлімшесі, ол жасанды интеллектті (ЖИ), математикалық модельдеуді және имитациялық талдауды пайдалана отырып, озық ақпараттық жүйелерді (АЖ) әзірлеуге бағытталған. ҒЗЗ цифрлық технологиялар мен ЖИ-ді интеграциялай отырып, машина жасау, құрылыс және өнеркәсіптік инженерия салаларындағы күрделі инженерлік міндеттерді шешеді, процестерді оңтайландыруды, 3D-модельдер құруды және виртуалды сынақтарды жүргізуді қамтиды.

ҒЗЗ негізгі функциялары:

         - жаңа ақпараттық жүйелерді әзірлеу: әртүрлі салалардағы процестерді автоматтандыру және талдау үшін ЖИ негізіндегі жүйелерді қоса алғанда, заманауи бағдарламалық шешімдерді құру және енгізу;

        - математикалық модельдерді әзірлеу: Python, SMathStudio, Mathcad және басқа бағдарламалық орталарды пайдалана отырып, зерттелетін жүйелер мен процестердің математикалық сипаттамаларын құру, талдау және болжау үшін;

       - имитациялық 3D-модельдерді әзірлеу: ANSYS, ЛИРА және ұқсас платформаларда техника мен технологиялық процестердің үш өлшемді цифрлық модельдерін жобалау және іске асыру;

         - имитациялық сынақтарды жүргізу: ANSYS, ЛИРА және басқа бағдарламаларда виртуалды сынақтар мен симуляцияларды орындау, практикалық қолдану алдында әзірлемелердің сенімділігін, тиімділігін және оңтайландыруын бағалау үшін.

          ANSYS лицензиялық бағдарламасында жұмыстардың тізімі

ҒЗЗ выполненных работ НИЛ:

Жұмыс түрлері

Негізгі нәтижелер

(пікірлер, видео-роликтер, сілтемелер және т.б.)

1

«Қарағанды агломерациясының автомобиль жолдарындағы көлік ағынының қарқындылығын көлік ағындарының өзгеруіне байланысты анықтау» АЖ әзірлеу (Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ММ үшін шаруашылық келісімшарттық жұмыс аясында орындалды, Қарағанды облыстық әкімдігі, 2025 ж.)

https://www.facebook.com/share/v/1AuqMWLrnp/?mibextid=wwXIfr

2

«Қарағанды агломерациясының қолданыстағы ауданаралық (қалааралық, облысішілік) маршруттары бойынша жол жүру тарифтерін есептеу» АЖ әзірлеу (Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ММ үшін шаруашылық келісімшарттық жұмыс аясында орындалды, Қарағанды облыстық әкімдігі, 2025 ж.)

3

«Қарағанды агломерациясының автомобиль жолдарындағы көлік ағынының қарқындылығын талдау» АЖ әзірлеу (Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ММ үшін шаруашылық келісімшарттық жұмыс аясында орындалды, Қарағанды облыстық әкімдігі, 2024 ж.)

4

«Видео көзден көлік құралдарының санын анықтау» АЖ әзірлеу (бастамашыл әзірлеме, 2024 ж.)

Өзіндік әзірлеме

https://drive.google.com/file/d/1oZ43VdgVXIAAVAdEeEhIJI7NM27Z4iBe/view 

5

«ANSYS бағдарламасында тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға арналған тік пневмотүтікшелі конвейердің жұмыс істеуінің имитациялық моделін әзірлеу» тақырыбындағы шаруашылық келісімшарттық жұмыс орындалды (Тастемір Н.Ү., 2024 ж.)

https://www.facebook.com/share/1FFPWCp3no/?