Сынақ зертханалары

Андреященко ВИОЛЕТТА Александровна, 

Сынақ зертханаларының ЖЕТЕКШІСІ,

«Материалдар инжинирингі» ғылыми бағыты бойынша профессор, 

«Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша PhD философия докторы

 

Сынақ зертханалары (СЗ) – университеттің ҒТО «STU-ENGINEERING»-мен өзара әрекеттесетін құрылымдық бөлімшелері, олар материалдардың, заттардың және бұйымдардың физико-химиялық, механикалық және пайдалану қасиеттерін бағалау мақсатында сертификатталған және эксперименттік зерттеулерді жүргізеді. Сынақ зертханаларының қызметі аккредиттелген жабдықта ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

СЗ-дің негізгі функциялары:

      - әртүрлі өнеркәсіп салаларының (металлургиялық, машина жасау, құрылыс және т.б.) кәсіпорындары үшін шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің физико-химиялық зерттеулерін жүргізу;

      - металдар мен қорытпалардың құрылымы мен қасиеттерін металлографиялық зерттеулерін орындау, олардың сапасын, ақаулығын және стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында;

      - аккредиттелген жабдықта жаңа материалдардың, конструкциялардың және технологиялардың зертханалық және эксперименттік сынақтарын жүргізу;

     - өнеркәсіптік және ғылыми сектордың міндеттеріне бейімделген сынақтар мен талдау әдістемелерін әзірлеу және сынақтан өткізу;

       - уәкілетті сертификаттау органдары таныған сараптамалық қорытындылар мен сынақ хаттамаларын дайындау;

      - ҒТО ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу, қолданбалы және іргелі әзірлемелер үшін зертханалық базаны ұсыну.

СЗ-де орындалған жұмыстар тізімі:

Жұмыс түрлері

Негізгі нәтижелер (пікірлер, видео-роликтер, сілтемелер және т.б.)

1

Q345 және Q245 болат үлгілерінің физико-химиялық және металлографиялық зерттеулері («FLSmidth» ЖШС-мен шаруашылық келісімшарттық жұмыс аясында, 2025 ж.)

«FLSmidth» ЖШС пікірі  (https://fls.com/ru)

2

18-9996 тележкесінің балка-швеллерінің физико-химиялық және металлографиялық зерттеулері («СКЭП» ЖШС-мен шаруашылық келісімшарттық жұмыс аясында, 2024 ж.)

«СКЭП» ЖШС пікірі (https://factories.kz/producers/skep)