«QANYSH ZHOLY» жас зерттеушілер академиясы
Миссиясы
Ғылымға апарар үздіксіз жолды қалыптастыру: оқушыдан PhD докторына дейін
Жас зерттеушілер академиясы
Үздіксіз ғылыми-білім беру траекториясы
Қаныш Сәтбаев Өмірбаянын оқу ▾
Қаныш Сәтбаев: ауыл мектебінен академикке дейінгі жол
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899–1964) – көрнекті қазақ ғалым-геологы, Қазақ ССР Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті. Бастапқы білімін ауыл молдасынан, кейін ауыл мектебінен алған ол ғылым жолында үлкен белестерді бағындырып, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі атанды және Қазақстанның қазіргі заманғы ғылымының іргетасын қалады.
Қаныш Сәтбаев ұлттық ғылыми кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлді. Ол Қазақстанның түкпір-түкпірінен талантты жастарды тауып, оларға білім алуға көмектесті, жас зерттеушілерге қолдау көрсетіп, ғылыми жұмысқа баулыды. Ұжымдастырудан кейінгі ашаршылық жылдары Баянауылдан он ауыл баласын Алматыға әкеліп, оларға баспана беріп, оқуға түсуіне және ғылымға алғашқы қадам жасауына көмектесті. Бұл қадам жас ұрпаққа деген қамқорлығының жарқын көрінісі болды. Оның көптеген шәкірттері кейіннен белгілі ғалым, ғылым докторлары мен академиктер атанды.
«QANYSH ZHOLY» жас зерттеушілер академиясы осы жолды жалғастыруды мақсат етіп қояды: талантты оқушыларды анықтау, оларға тәлімгерлер бекіту және ғылымда жүйелі түрде сүйемелдеу – мектептің алғашқы ғылыми жобасынан бастап философия докторы (PhD) дәрежесін алғанға дейін.
Ғылымға жол
Әрбір кезең зерттеушілік дербестікті қалыптастырады
Бағдарламаларды оқу ▾
«ОҚУШЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ
«QANYSH ZHOLY» жас зерттеушілер академиясының «ОҚУШЫ» бағдарламасы ғылымға және зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын 9-11 сыныптардың дарынды оқушыларын анықтауға және қолдауға бағытталған.
МАҚСАТЫ: оқушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту, зерттеу дағдыларын дамыту және олардың ғылымдағы алғашқы қадамдарын сүйемелдеу.
НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ:
1. Қатысушылардан (9-11 сыныптардың дарынды оқушылары) өтінімдер қабылдау.
2. Дарынды жас зерттеушілер тобын құру.
3. Кіріспе онлайн-семинар өткізу.
4. Ғылыми тақырыпты іздеу және таңдау бойынша өзіндік жұмыс (гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану-ғылыми және басқа да бағыттар).
5. Ғылыми зерттеу бағыты бойынша тәлімгерді таңдау.
6. Тәлімгермен ғылыми жобамен жұмыс істеу.
7. Қорытынды ғылыми жобаны дайындау, нәтижелерді таныстыру және қатысушының одан әрі ғылыми-білім беру траекториясын анықтау (оқу бағытын таңдау).
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: оқушы ғылыми жоба дайындайды, жұмыс нәтижелерін ұсынады; оқушы өзінің одан әрі оқуы мен ғылыми даму бағытын анықтайды.
Пікірлерді оқу ▾
«Мен Tongji University (Шанхай қ., Қытай) базасында «Инженерлік логистика» мамандығы бойынша бакалавриатты сәтті аяқтадым. Қытайда оқу және дипломдық жұмысты орындау орындау кезеңінде профессор О.Т. Балабаев менің ғылыми кеңесшім болды және міндеттерді айқындау мен дипломдық жұмысты дайындауда маңызды қолдау көрсетті, бұл менің ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығымды нығайтты.
Тәлімгермен бірге болашақ магистрлік диссертацияның өзекті тақырыбын анықтау және магистратурада одан әрі оқуға дайындалу үшін «БАКАЛАВР» бағдарламасы бойынша «QANYSH ZHOLY» жас зерттеушілер академиясына қабылданамын.»
«Баку қаласындағы (Әзербайжан) Әзербайжан техникалық университетінің докторантурасына түсуге жүйелі түрде дайындалу үшін «PhD ДОКТОРЫ» бағдарламасы бойынша «QANYSH ZHOLY» жас зерттеушілер академиясына қабылданамын.
«QANYSH ZHOLY» академиясы жас зерттеушілер үшін маңызды алаң деп санаймын, өйткені ол ғылыми траекторияны құруға, тәлімгерлік қолдау алуға және академиялық дамудың келесі кезеңіне сенімді қадам басуға көмектеседі.
«PhD ДОКТОРЫ» бағдарламасына қатысу маған профессор О.Т. Балабаевтың жетекшілігімен ғылыми бағытты нақтылауға, болашақ диссертациялық зерттеудің өзекті тақырыбын анықтауға, зерттеу құзыреттерін дамытуға және одан әрі ғылыми жұмысқа дайындалуға мүмкіндік береді деп жоспарлап отырмын.»
«Бакалавриатта оқу және профессор О.Т. Балабаевтың жетекшілігімен дипломдық жұмысты орындау мен үшін кәсіби өсудің маңызды кезеңі болды. Зерттеу жұмысынан алған тәжірибем академиялық жолымды сенімді жалғастыруға көмектесті.
Қазіргі уақытта профессор О.Т. Балабаевтың ұсыным хатының негізінде, мен АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Оңтүстік Калифорния университетінің USC Marshall бизнес мектебінде “Global Supply Chain Management” («Жаһандық жеткізу тізбегін басқару») магистрлік бағдарламасы бойынша оқимын.
Ғылыми құзыреттерді дамыту, тәлімгермен жұмыс істеу, жарияланымдар дайындау және одан әрі зерттеу траекториясын құру үшін «МАГИСТР» бағдарламасы бойынша «QANYSH ZHOLY» жас зерттеушілер академиясына қабылданамын.»
Тарихын оқу ▾
ИДЕЯДАН ЖҮЗЕГЕ АСУҒА ДЕЙІН: "QANYSH ZHOLY" жас зерттеушілер академиясының қалыптасу кезеңдері
26.05.2026 ж. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімі Құсайын Ерлан Бейсембайұлының бастамасымен Бұқар Жырау ауданының білім бөлімінде жұмыс кездесуі өтті (суретте солдан оңға қарай: Зейниденов А.К. – профессор, PhD; Төлеуов Б.І. – ҚР ҰҒА академигі, профессор, х.ғ.д.; Жалелов А.А. – Бұқар Жырау ауданы білім бөлімінің басшысы; Балабаев Оюм Темиргалиевич – профессор, т.ғ.к.). Іс-шара барысында ғылыми қоғамдастық пен ауданның жалпы білім беретін мектептері арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі жолдары, сондай-ақ аудан мектептері оқушыларының ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға ғалымдарды тарту мүмкіндіктері қарастырылды.
28.05.2026 ж. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінде аудан әкімі Ерлан Құсайынмен кездесу өтті (суретте солдан оңға қарай: Балабаев О.Т.; Төлеуов Б.І.; Құсайын Ерлан Бейсембайұлы – Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімі; Зейниденов А.К.; Жалелов А.А.), ол ауданның жалпы білім беретін мектептері оқушыларының ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға ғалымдарды тарту мәселелеріне арналды. Талқылау барысында талантты оқушыларды қолдау, олардың зерттеу дағдыларын дамыту және ғылыми қызметке ерте жастан тартуу үшін бірыңғай платформа құрудың маңыздылығы атап өтілді. Кездесу қорытындысы бойынша Бұқар Жырау ауданының жазғы мектеп оқушылары үшін «QANYSH ZHOLY» ғылыми-білім беру траекториясын іске қосу туралы шешім қабылданды.
05.06.2026 ж. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы білім бөлімінің 2025-2026 оқу жылының қорытындысына арналған отырысында 42 мектептің директорларына «QANYSH ZHOLY» ғылыми-білім беру траекториясын іске асырудың негізгі мақсаттары, міндеттері мен перспективалары таныстырылды. Ұсынылған бастаманы ауданның білім беру ұйымдарының басшылары бірауыздан қолдады, және ұсынылған ғылыми-білім беру траекториясын жазғы мектептерде апробациялау туралы шешім қабылданды.
17.06.2026 ж. Талқылау қорытындысы бойынша ғалымдардың бастамашыл тобы (Төлеуов Б.І. – ҚР ҰҒА академигі, профессор, х.ғ.д.; Балабаев Оюм Темиргалиевич – профессор, т.ғ.к.; Зейниденов А.К. – профессор, PhD) үздіксіз ғылыми-білім беру траекториясына қатысатын талантты жастарды қолдауға және ғылыми сүйемелдеуге бағытталған «QANYSH ZHOLY» жас зерттеушілер академиясын құру туралы шешім қабылдады.
19.06.2026 ж. Бұқар Жырау ауданы оқушыларының жазғы мектептері базасында, Керней тірек мектебінде (ресурстық орталық) «QANYSH ZHOLY» жас зерттеушілер академиясының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара барысында оқушылардың зерттеу құзыреттерін, ғылыми дүниетанымын, шығармашылық әлеуетін және ғылыми қызметке деген мотивациясын дамытуға бағытталған дәрістер циклі оқылды (суретте солдан оңға қарай: Жұмабеков Ж.А.; Зейниденов А.К.; Жалелов А.А.; Балабаев О.Т.). Бұқар Жырау ауданы білім бөлімінің басшысы Абылай Жалелов қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, талантты оқушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне ерте жастан тартуудың маңыздылығын атап өтті. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жамбыл Жұмабеков «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – қазақ ғылымының ұлы ұйымдастырушысы және ұлттық ойдың негізін қалаушы» тақырыбында дәріс оқыды. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Akylbaev Research Center» технопаркінің директоры, профессор, PhD Асылбек Зейниденов «Білім және ғылым: теориялық негіздер және инновациялық технологиялар» тақырыбында дәріс оқыды. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «STU-ENGINEERING» ҒТЦ директоры, профессор, т.ғ.к. Балабаев Оюм Темиргалиевич «Ғылыми-техникалық шығармашылық негіздері» тақырыбында семинар өткізді.
05.10.2026 ж. «STU-ENGINEERING» ҒЗИ сайтында «QANYSH ZHOLY» жас зерттеушілер академиясына өтінімдер қабылдау басталды – өтінімді сондай-ақ QR-код арқылы беруге болады. Өтінімдер қабылдаудың ашылуы дарынды жас зерттеушілер тобын қалыптастыруға және олардың үздіксіз ғылыми-білім беру траекториясын іске қосуға жасалған алғашқы қадам болды.